Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған

250

Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды. 

Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған Фото: canva.com

Биыл Павлодар облысында кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы бойынша 16 қылмыс анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина мәлім етті.

–  2024 жылдың бірінші тоқсанында кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық іс-шара барысында әкімшілік учаскелерде кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығы қарсы 16 қылмысты анықтады, – дейді Бибігүл Қамзина.

–  Мұндай қылмыстардың екі фактісі  қылмыстық істерді тергеу кезінде белгілі болды. Ал салыстырмалы түрде айтсақ, былтырғы жылдың осы кезеңінде жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы тоғыз қылмыс жасалған.

Аға инспектордың айтуынша, ағымдағы жылдың 18 наурызында оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы  балалар емдеу мекемесінің әкімшілігімен әңгімелесу кезінде туысы жеткіншекке азғындық жасағаны туралы фактіні анықтаған. Аталмыш жайт бойынша 124-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

– Жасөспірім балалар көбінесе жақын ортадағы адамдар тарапынан жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырайды, – дейді спикер.

– Мысалы,  тіркелген 16 қылмыстың ішінде біреуі – әкесінен, екеуі – өгей әкесінен, біреуі – анасымен бірге тұратын ер адамнан, біреуі – көршісінен және сегіз бала достары мен таныстарынан  жәбір көрген. Тек біреуі бейтаныс адам болып шықты.

Аталған бөгде адам – 80 жастағы зейнеткер алдау арқылы кішкентай балаларды шақырып, азғындық жасағаны анықталды. Аталған факті жоғалған балаларды іздеу барысында белгілі болды. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды.  Айта кетерлігі, барлық тіркелген қылмыстар ашылып, кінәлі адамдар жазалануда.

Бұдан бөлек, 12 ақпанда Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Ақсу қаласының әйелдер консультациясын тексеру барысында 15 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімнің жүктілігін анықтаған. Осы жағдай бойынша қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеру барысында бұл іске Ақсу қаласының 17 жастағы тұрғынының қатысты бар екені анық болды. Қылмыстық іс тараптардың татуласуы себебінен тоқтатылды. Екі жасөспірімнің де ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмысты жасыру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу