Павлодар облысында 800-ден астам кәсіпорынның 69 %-ы өңдеу секторына тиесілі

1076

Павлодар облысында 800-ден астам кәсіпорынның 69 %-ы өңдеу секторына тиесілі

С. Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен "Ертіс Инвест-2016" форумы барысында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірге инвестиция салуға дайын әлеуетті инвесторларды қабылдауға қай кезде дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Аймақ басшысының айтуынша, аймақта жүзеге асырылып жатқан инвестициялық саясаттың нәтижесінде тәуелсіздік жылдары инвестиция көлемі 30 есеге артып, Павлодар облысы еліміз бойынша басқа өңірлердің алдында көш бастап келеді.

"Біріншіден, біздің басты мақсат – инвестиция тарту. Өткен жылдармен салыстырғанда бүгінгі шараға жиналған қонақтардың саны үш есеге артқан. Кездесудің нәтижесінде 300 млрд теңгеден астам соманы құрайтын жобаларға қол қойылды. Жалпы, Павлодар облысында 800-ден астам өндірістік кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 69 пайызы өңдеу секторына тиесілі. Мұндай жоғары көрсеткіш - аймақта кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалғанының дәлелі. Бүгінгі ұсыныстардың ішінде Баянауыл ауданындағы әуе рейстерін ұшыру жобасы бойынша биыл жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін 10 млн теңге керек. Бұл жоба міндетті түрде жүзеге асырылуы тиіс. Павлодар облысының дамуына үлес қосуға ниет білдірген  инвесторларды қолдауға әрдайым дайынбыз. Форумға қатысушылардың көбі бүгін түнде және таңертең жолға шығады. Сондықтан оларды  тәуліктің кез келген мезгілінде, тіпті түнде қабылдауға әзірмін", – деді Болат Бақауов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу