Павлодар облысында 800 миллион теңге тиімсіз игерілген

594

Құрылыс, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жүйе саласында заңнамалық талаптар сақталмаған. 

Павлодар облысында 800 миллион теңге тиімсіз игерілген

Өткен жыл мен биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша Павлодар облысында 2 миллиард теңгенің қаржылық заңбұзушылықтары анықталды. Оның 800 миллион теңгесі тиімсіз игерілген. Бұл туралы бүгін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында мәлім болды, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, аймақтағы күн электр станциясының құрылысына қолданылған панельдер 10 есе қымбат бағада сатып алынған. Бұл дерек бойынша тапсырыс беруші мен мердігер компания арасында тексеріс әлі де жалғасып жатыр. Ол аз болса, аймақта құрылыс компаниясына төлем екі мәрте жасалып, қазына қаржысы оңды-солды жұмсалған.

"Құрылыс, мемлекеттік сатып алу, бюджеттік жүйе саласында заңнамалық талаптар сақталмаған. Соның нәтижесінде көлемі 2 миллиард теңге бюджеттік заңбұзушылық болды. Тиімсіз пайдаланған мәселелер бойынша "Бизнестің жол картасы" аясында құрылысы жүргізілген инфрақұрылымдық мәселесі бойынша олардың пайдаланылмай жатқаны, тиісті арендаға беру бойынша мәселелер аудиторлық іс-шараларды көрсетеді", – дейді  есеп комитетінің мүшесі Нұрлан Нұржанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу