Павлодар облысында 87 мың гектарды итальяндық шегірткелер басу қаупі бар

1054

Павлодар облысында 87 мың гектарды итальяндық шегірткелер басу қаупі бар

Биыл Павлодар облысында өсімдіктерге зиянды жәндіктердің саны артады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы инспекциясы өсімдіктер карантині және фитосанитарлық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы Азамат Жанахметов айтты.

"Зиянкес жәндіктердің ішінде итальяндық шегірткелер 6-7 жылда бір 10 есеге дейін өсіп отырады, – деді Азамат Жанахметов. – 2012 жылы 8-10 мың гектар аумаққа жайылса, биыл алтыншы жылдың реті келіп тұр. Сондықтан биыл 87 мың гектар жерге жайылады деп күтілуде. Зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 39 миллион теңге қарастырылған".

Азамат Жанахметовтың айтуынша, шегірткелердің ең үлкен көлемі Павлодар ауданында – 30 мың га, Качир ауданында – 29 мың га байқалады. Оған қоса, облыстық бюджеттен өзге де зиянкестерге қарсы жұмыстар жүргізу мақсатында 23 мың гектар жерге қаржы бөлінген.

Өңірде аса қауіпті зиянда ағзаларға қарсы – 2,6 млн га алқапта, зиянды ағзалар бойынша 1,1 мың га алқапта фитосанитарлық шаралар жүргізіледі.

"Мемлекеттік запастағы жерлер бойынша және барлық аса қауіпті зиянды ағзаларға қарсы шаралар мемлекет есебінен өткізіледі. Ал, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өз жерлерінде зиянды ағзалар бойынша шараларды жеке есептерінен жүргізеді. Оларды әр аудандағы белгіленген инспекторлар заң бойынша бақылауға алады, – деді Азамат Жанахметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу