Павлодар облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 мыңнан астам дерегі анықталды

195

Өңірде заңсыз қоқыс төгу деректері анықталды.

Павлодар облысында абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 мыңнан астам дерегі анықталды Фото: atr.kz

Павлодар облысында жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзудың 6 247 дерегі тіркелді. Бұл бағыттағы рейдтер "Таза Қазақстан" жалпыұлттық бастамасы аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция қызметкерлері рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау, құрылыс қалдықтарын белгіленбеген аумақтарға төгу және лас суды заңсыз ағызу деректерін анықтауға басымдық беріп отыр.

Мәселен, Павлодар қаласындағы Малайсары батыр көшесінде орналасқан нысандардың бірінің иесі аумақта қоқыстың жиналуына жол берген. Ал Ертіс ауданының Голубовка ауылында тұрғын үйінің сыртындағы ортақ пайдаланылатын жерге күл төккен. Екі жағдай бойынша да әкімшілік материалдар толтырылды.

Полиция тұрғындарды тазалық сақтауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қоқыстың белгіленбеген жерге төгілгенін немесе қоғамдық орындардың ластанғанын байқасаңыз, 102 нөміріне хабарлауға болады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу