Павлодар облысында әкім жауапқа тартылды

1080

Шенеунік 30 мың теңге айыппұл төлейтін болды.

Павлодар облысында әкім жауапқа тартылды

Павлодар облысында жолдың сапасына жауап бере алмаған әкімге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің дерегінше, Успен ауылдық округінің әкімі жолдарды тиісті деңгейде күтіп ұстамағаны үшін жауапқа тартылды.

Жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін арттыру және олардың қатысуымен болатын жол апатының алдын алу үшін биыл 4-7 ақпанда Успен ауданының полиция бөлімінің полицейлері "Жаяу жүргінші" жедел алдын алу іс-шарасын өткізген. 

Аудандық әкімшілік полиция басшысы Александр Семенченконың айтуынша, полицейлер жол жүру ережелерін бұзған жаяу жүргіншілер мен оларды өткізбеген жүргізушілерді ғана емес, жаяу жүргіншілер өткелінің жағдайын да бақылауға алған.

"Биыл 4 ақпанда Успенка ауылында тексеру кезінде орталық көшедегі "жолақ" қар мен мұздан тазартылмағаны анықталды. Сондықтан бұл факт бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 631-бабын бұзғаны үшін ("Жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамау") Успен ауылдық округінің әкіміне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сәйкесінше оған 30 мың 630 теңге немесе 10 АЕК мөлшерінде (3 063 теңге – 1 АЕК) айыппұл салынды", – деді әкімшілік полиция басшысы.

Сондай-ақ әкімге кемшіліктерді жою туралы ұйғарым берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу