Павлодар облысында әкімдік резиденциясы арзанға сатылған

534

Баянауыл Ұлттық парк аумағындағы резиденцияны Болат Бақауов аймақты басқарғанда меншікке сатып жіберген.

Павлодар облысында әкімдік резиденциясы арзанға сатылған Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысындағы Жасыбай көлі жағасындағы әкімдіктің бұрынғы резиденциясы өз бағасынан бірнеше есе арзанға сатылған. Осылай деген құзырлы орган элиталық демалыс орнын мемлекет меншігіне қайтаруды талап етіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Айта кетерлігі, Баянауыл Ұлттық парк аумағындағы резиденцияны Болат Бақауов аймақты басқарғанда меншікке сатып жіберген. Тексеру өткізген Қаржы басқармасы, зәулім нысанның алты есе арзанға сатылғанын анықтады. Яғни, бар жоғы 161 миллион теңге бағаланған. Табиғатты қорғау прокуратурасы нысанды сату кезінде бағасы қасақана төмендетілгенін айтады.

"Нысанды сату кезінде лауазымды тұлғалар теріс мәліметтерді берген. Ал мүлікке толыққанды және шынайы бағалау жасалмаған. Содан демалыс аймағындағы ғимараттар арзанға сатылды. "Жұмбақ арнасы" демалыс үйінің тұрғын үйге жатпайтын нысандарын есептен шығару кезінде жер учаскесіне бағалау жүргізілмеген", - деді Павлодар облысының табиғатты қорғау прокуроры Ерлан Салханов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу