Павлодар облысында ақшаның жетіспейтіндігін білген есепші дәрі ішіп қойған

1258

Павлодар облысында ақшаның жетіспейтіндігін білген есепші дәрі ішіп қойған

Жаңа жыл қарсаңында Железин ауылында қаражаттың жетіспейтіндігін біліп, осылайша 20 қызметкерді жалақысыз қалдырған  балабақшаның есепшісі дәрі ішіп қойған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Балабақша басшысының айтуынша, қарыз 842 мың теңгені құраған. Бұл туралы Железин әкімі Қайрат Қабдуловтың құлағына енді ғана жетіп жатыр.

"Осыған дейін ешбір шара қолданылмады, себебі ауызша да жазбаша да арыз түспеген. Жағдайдан хабардар болған ауыл әкімдігі бірден іске кірісіп ұжыммен жиналыс өткізді, директордан түсініктеме алдық. Дүйсенбіден бастап ішкі аудит аударылған қаражаттың барлығын тексеруге кірісті. Менің міндетім - 842 мыңның қайда кеткенін анықтау. Қазіргі уақытта қажетті шаралар қолданылып жатыр. Аудиттен кейін нәтиже шығарылады. Артынша қаржы органдары арқылы мәселені қарастырамыз", – деді Қайрат Қабдулов.

Ауыл әкімінің сөзіне сүйенсек, 2016 жылдың 21 желтоқсанында есепші улану диагнозымен аудандық ауруханаға жеткізіліп, екі күн ем қабылдаған. Қазір әйел адам облыстық ауруханалардың бірінде емделіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу