Павлодар облысында алғаш рет мал азығына субсидия берілді

1133

Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлінді.

Павлодар облысында алғаш рет мал азығына субсидия берілді

Бұған дейін өңірдегі ірі тауарлы сүт фермаларына ғана шөп бағасының бір бөлігі субсидияланып келсе, енді орта және ұсақ шаруашылықтар да мемлекеттік қолдауға иек арта алатын болды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 26 қараша мен 20 желтоқсан аралығында 902 шаруашылық өкілдері subsidy.plem.kz ақпараттық жүйесі арқылы 1 163 өтініш жолдады. Оның жалпы сомасы 1,8 млрд теңгені құрайды. Осы уақытқа дейін 586 шаруашылыққа 1,5 млрд теңге берілді. Төрт түлік өсірумен айналысатын тағы 316 қожалықтың 313 млн теңге болатын өтініші резервке алынды. Бұл сома келесі жылдың бірінші тоқсанында бөлінеді.

Бұл ретте субсидиялау нормативі бойынша әр ірі қара мал басы үшін 10 мың теңге, бір қойға 3 мың теңге қарастырылып отыр.

Айта кетейік, биыл павлодарлық шаруалар бір жарым жылдық қор жасап, 1,5 млн тонна мал азығын дайындады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу