Павлодар облысында алимент төлемеген 129 борышкер жауапкершілікке тартылды

329

8 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында алимент төлемеген 129 борышкер жауапкершілікке тартылды Фото: otyrar

Бұл туралы Екібастұз қаласы мен Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуде Әдлет министрі Азамат Есқараев айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Министрдің мәліметінше, Павлодар облысы бойынша 310 мың атқарушылық іс жүргізудің 17 мыңнан астам құжаты алимент өндірістеріне жатады. Алимент өндіріп алу ұзақ процесс және айтарлықтай күш-жігерді қажет етеді. 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста алимент бойынша сот актілерін орындамағаны үшін 129 борышкер әкімшілік, 8 азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, алимент бойынша 240 млн теңгеден астам берешек өндірілді. Сот орындаушылардың көмегімен 136 борышкер жұмысқа орналастырылды.

Сондай-ақ, ведомство басшысы мобильды қосымшаларда министрліктің 32 қызметі бар екенін атап өтті. Оның 28-і EgovMobile және 4-еуі екінші деңгейдегі банктердің мобилды қосымшаларында орналастырыған.

Кездесу барысында өңір жұртшылығы атқарушылық іс жүргізу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, АХАТ, нотариат және адвокаттық қызмет мәселелерін қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу