Павлодар облысында алимент төлеуден жалтарған азамат бір тәулікке қамалды

1120

Павлодар облысында алимент төлеуден жалтарған азамат бір тәулікке қамалды

Павлодар облысының Май ауданында алимент төлеуден жалтарып жүрген ауыл тұрғыны бір тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып pavlodarnews.kz.

- Май аудандық сотымен алимент төлемей жүрген азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік іс қаралды. Себебі одан 1/4 мөлшерінде кәмлетке толмаған балаға алимент өндіру туралы сот бұйрығы шығарылған, бірақ та ол сот бұйрығын орындаудан бас тартқан. Сот отырысында азамат айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкініп, қаражаттың жоқтығын айтып, ешқайда жұмыс істемейтінін көрсетті. Сот оны ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабында көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 1 тәулікке камауға алу жазасын тағайындады - деді баспасөз қызметінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу