Павлодар облысының Көші-қон полициясының қызметкерлері Кенжекөл ауылдық округінің аумағында шетелдік азаматтардың еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жұмыс барысында Өзбекстанның алты азаматы екі қабатты ғимарат салумен айналысқаны анықталды, бұл ретте оларда рұқсат құжаттары ресімделмеген.
"Шетел азаматтарына қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа қарауға жіберілді. Сондай - ақ жұмыс беруші айыппұл түрінде жауапқа тартылды", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Елеутаев.