Павлодар облысында AMANAT партиясының кандидаттары бастауыш партия ұйымдарымен кездесті

958

Павлодар өңірлік сайлауалды штабының басшысы, AMANAT партиясы облыстық филиалының төрағасы Илья Теренченко өңірдің бастауыш партия ұйымдарын алғыс айту күнімен құттықтады, деп жазады inbusiness.kz.  

Павлодар облысында AMANAT партиясының кандидаттары бастауыш партия ұйымдарымен кездесті Фото: amanatpartiasy.kz

Кездесуге партиялықтар аймақтың түкпір-түкпірінен келді. 

"Партия – бұл адамдарды идеологиялық наным бойынша жинаған қоғамдық бірлестік болып табылады. Біздің ұранымыз – нар тәуекел! Жақында ребрендингтен өткен және өз қатарларын 70 пайызға жаңартқан партиямыз. Сайлауалды бағдарламамыз біздің құндылықтарымызды, басымдықтарымыз бен қағидаттарымызды көрсетеді", - деді Илья Теренченко.

Парламенті Мәжілісінің депуттаттығына кандидат Жарқынбек Амантай партиялықтарды көктемнің тамаша мерекесімен құттықтап, өзінің сайлауалды бағдарламасы мен алдына қойған мақсаттары туралы айтып берді.

Павлодар облысында 213 бастауыш партия ұйымдары бар, жалпы саны 48 мыңға жуық партиялықтар.

Өңірдегі ең ірі бастауыш партия ұйымдары қатарына – "Қазақстан алюминийі" АҚ, "Ақсу фероқорытпа зауыты" АҚ, "Богатырь" ЖШС, "ЕЭК разрез "Восточный" АҚ, Еуроазиялық энергетикалық корпорация АҚ, "Павлодар мұнай-химия зауыты" АҚ, ГРЭС-1 ЖШС, "Қазақстандық электролиз зауыты" АҚ және "Трамвай басқармасы АҚ" кіреді.

Аққулы ауданының AMANAT партиясы филиалының басшысы Гүлжаһан Жұмабекованың сөзінше, партия мүшесі болғанына 17 жыл болды.

"Осы уақытта еш өкінбедім. Ауылда тұрғандықтан, ауылдың мәселелерін жерге қалдырмайтын AMANAT партиясына  дауыс беруге шақырамын", - деді Гүлжаһан Жұмабекова.

2022 жылы партия төрағасы Е.Қошановтың тапсырмасы бойынша партиялық жобаларды және іс-шараларды өткізуге арналған партиялық жарна қаражатының 20%-ы қайтарылды.

AMANAT бастауыш партия ұйымдарының жұмысына ерекше көңіл бөледі. Бастауыш партия ұйымдары кез келген партияның іргетасы болып табылады. Өткен жылдың басында партия ребрендингтен өткен соң, оның жұмысына көптеген өзгерістер енгізілді. Солардың бірі – келіп түскен партиялық жарналардың 20 пайызын бастауыш партиялық ұйымдарына қайтарылады. БПҰ-ларға қайтарылған қаражат партиялық іс-шаралар мен жобаларға бағытталатын болады.

Дайындаған: AMANAT партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А

Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған AMANAT партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

***Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу