Павлодар облысында әр ескерткішке жауаптылар белгіленеді

3148

Облыс әкімі келесі жылғы қаржыларынан жөндеу жұмыстарына ақша бөлуі үшін, әр ескерткіштің иесін анықтауды тапсырды.

Павлодар облысында әр ескерткішке жауаптылар белгіленеді

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдегі әр ескерткішке жауаптыларды белгілеуді тапсырды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында айтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Павлодар облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м.а. Гүлзира Бәшірованың айтуынша, облыс бойынша бүгінгі күні мемлекет қорғауында 283 ескерткіш тіркелген. Соның ішінде 3 ескерткіш республикалық маңызы бар саналады. Павлодар қаласының заманауи келбетін 53 сәулет және қалақұрылысы ескерткіштері құрайды.

"Облыс бойынша барлық ескерткіштерге инвентаризациялау жүргізіліп, Павлодар қаласынан басқа барлық қалалар мен аудандарда ескерткіштер балансқа қойылды, - деді Гүлзира Бәшірова. – Облыс орталығындағы ескерткіштерге орташа алғанда 100 жыл. Демек, әрбір ескерткіш қандай да бір жөндеу жұмыстарының жүргізілуін қажет етеді".

Павлодар қаласында жауапсыз қалған жеті ескерткіш анықталды. Олар: Зейін Шашкиннің мүсіні, Қалижан Бекхожиннің, Батыр-Баянның, Малайсары-батырдың, Шоқан Уәлиханов пен Григорий Потаниннің, Жүсіпбек Аймауытов және Майра Шамсудинованың ескерткіштері. Облыс әкімі келесі жылғы қаржыларынан жөндеу жұмыстарына ақша бөлуі үшін жыл соңына дейін әр ескерткіштің иесін анықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, Гүлзира Бәшірова 2018 жылы ескерткіш ғимараттарына 45 QR-кодтары орнатылғанын жеткізді. Қазіргі уақытта QR-кодымен 178 ақпараттық тақта жасалды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу