Екібастұз қаласында құқық қорғаушылар 9,5 млн теңгеге алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлады "ҚазАқпарат" Павлодар облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Осы жылғы қыркүйекте күдікті 40 жастағы Павлодар тұрғынына литрі 95 теңгеден ірі көлемде дизель отынын сату мүмкіндігі бар екенін айтқан. Ол қолында "Қазмұнайгаз" ЖШС және "Гелиос" ЖШС-мен мұнай өнімдерін сатып алу-сату бойынша шарты барына сендірген. Ер адам литрі 90 теңгеден 100 тонна мөлшерінде дизель отынын сатып алуға келіседі.
Сөйтіп әйелге 700 мың теңге алдын ала төлем жіберген. Бірнеше күннен кейін күдікті телефон бойынша өтінімге қол қойылғанын, енді қалған соманы аудару қажеттігін хабарлаған. Ақшасын төлеп, уәде етілген тауарды ала алмай, күдіктімен байланысқа шыға алмай қалған ол 14 қазанда полицияға шағым түсірген.
Іздеу шаралары барысында алаяқтың кім екені анықталып, ұсталды.
Күдікті ШҚО тумасы, жұмыс істемейді, бұрын да алаяқтағы үшін сотталған. Қазір айғақты дәлел алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Факті бойынша терегу жүргізілуде.