Нәтижесінде 250 азамат табылып, бүгінде 1163 азамат әлі де іздеуде жүр, деп жазады Inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
"2022 жылы мерзімді әскери қызметке 18-27 жас аралығындағы 4798 азамат шақырылған. Алайда, соның ішінде денсаулық жағдайына байланысты 507 азамат, отбасы жағдайына байланысты 202 азамат, білім алуына байланысты 1455 азамат әскери қызметке бармады", – деді Алмасбек Бұхарбаев.
2022 жылы 200-ден астам адамға мерзімді әскери қызметтен жалтарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық бойынша хаттама толтырылған.
Ал қалғандарын мекенжайы дұрыс көрсетілмеген немесе ауыстырылып, баяндалмаған, сондай-ақ әскери есептен шықпай, басқа қалаларға әскери есепке тұрмағандықтан іздеп табу қиынға соғады.
Сондай-ақ департамент басшысының орынбасары азаматтар әскерге барудан қорқыныштан емес, уақыт тапшылғынан бас тартатынын алға тартты.
"Көп азаматтар бір жыл уақытын жоғалтуға қорқады. Әскерге барар алдында оларда "Неге мен одан да ол уақытта білімге немесе жұмыс істеуге жұмсамаймын?" деген сияқты сұрақ туындайды. Яғни оның түпкі себебі қорқыныш емес", – деп атап өтті Алмасбек Бұхарбаев.
Дегенмен бүгінде әскерге барып, азаматтық борышын өткеп келген азаматтарға жеңілдіктер қарастырылған. Қорғаныс министрі республика бойынша 50-ден астам білім беру мекемесімен меморандумға қол қойды. Әскери борышын өтеп келген әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай грантқа оқуға түсіп, жоғарғы білім ала алады. Сонымен қатар несие төлеу мерзімі 13 айға тоқтатылады және коммуналдық төлемнің 50 пайызы төленеді.
Сонымен қатар Қазақстанда әскерге бара алмағандарға ақылы түрде әскери борышын өтеуге мүмкіндік беріледі. Павлодар облысында мұндай әскери жиынның құны 304 мың теңгені құрайды. 2022 жылы Қорғаныс министрлігі Павлодардағы филиалының әскери-техникалық мектебіне, яғни 40 күндік әскерге 24 жасқа толған 170 азамат жіберілді.