Павлодар облысында ауа райының жылуы егістіктегі жер құнарлылығына оң әсерін тигізіп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығының механикаландыру және өсімдік шаруашылығы бөлімінің басшысы Байболат Рахымжанов хабарлады.
"Ауа температурасының жоғарлауынан қар берік ұсталып тұр, енді оны жел басқа жаққа ұшырып әкетпейді. Қазгидрометтің мәліметінше ақпан айында қалың қар жаумайды, – деді Байболат Рахымжанов.
Сондай-ақ, бөлім басшысының айтуынша, қар жамылғысының қалыңдығы тегіс жерлерде – 20 см, ықтырмалы жерлерде – 44 см. Дестелегіш қолданылған аймақтарда – 46 сантиметрге жетеді. Қаңтар басындағы көрсеткішпен салыстырғанда қазір қардың биіктігі ұлғайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу