Павлодар облысында аурухана есепшілері жазаланды

476

Бұл туралы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді. 

Павлодар облысында аурухана есепшілері жазаланды Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік сатып алу заңын бұзғаны үшін олар тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бірнеше медициналық мекеменің қызметкерлері кәсіпкерлерге келісімшарттық құжаттарды қайтармаған.

- Мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында талдамалық жолмен 6 медицина мекемесі кәсіпкерлерге  жалпы сомадан қамтамасыз ету шеңберінде енгізілген шартты 3% мөлшеріндегі ақшалай қаражатты қайтармағаны анықталды, - деп атап өтті ведомствода.

Осындай медициналық ұйымдардың қатарында Железин, Баянауыл, Ақтоғай аудандары, Аққулы ауданы ауруханалары, Ақсу қалалық ауруханасы бар.

Департамент істі бақылауға алғаннан кейін 10 кәсіпкер өздеріне тиесілі ақшаны қайтарып алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу