Павлодар облысында ауыл әкімі фельдшермен төбелескен

232

Әлеуметтік желіде әкімнің жанжал шығарғаны туралы ақпарат тарады.   

Павлодар облысында ауыл әкімі фельдшермен төбелескен Фото: pixabay.com

Павлодардағы Қоянды ауылдық округінің әкімі Ержан Уразалимов фельдшермен төбелесіп, аты-жөні жұрт талқысына түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Павлодар облысында орын алған бұл жағдай ауылдағы қарапайым тұрмыстық жанжал емес, мемлекеттік қызметкердің мәдениеті мен жауапкершілігіне қатысты қоғамдағы үлкен мәселені ашып берді.

Желі қолданушыларының айтуынша, Екібастұз қалалық ветстанциясының фельдшері әкімнен жәбір көрген.

Полиция департаменті бұл деректі растады.

"Жағдай тұрмыстық сипатқа ие, олардың кәсіби қызметімен байланысты емес. Қатысушылар татуласты, шағым болмайды", – деп қысқа қайырды тәртіп сақшылары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу