Биыл Павлодар облысында 14 нысан іске қосылады

929

Жобаларға тартылатын инвестиция сомасы – 2 миллиард теңге. 

Биыл Павлодар облысында 14 нысан іске қосылады

2021 жылы Павлодар облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 14 нысан іске қосылады. Бұл туралы өңірдегі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Шұғаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 264 нысан жұмыс істейді. 2019 жылы олардың өндіріс көлемі 100 млрд теңгеге жуық болған. Бұл ретте экспортқа 9,7 млрд теңгенің өнімі жіберілген.

"Облыс жергілікті өндірілген бидай ұнымен – 162%, жармамен – 136%, нанмен – 124%, өсімдік майымен – 47%, шұжық өнімдерімен – 70%, өңделген сүтпен – 56%, қышқыл сүт өнімдерімен – 107%, сары маймен - 30%, ірімшік пен сүзбемен – 14%-ға қамтамасыз етілген. 2021 жылы Павлодар облысында жалпы инвестиция сомасы 2 миллиард теңгеге ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 14 нысанды іске қосу жоспарланып отыр", – деді ол әкімдікте өткен жиында.

Марат Шұғаев осы жылдың мамырында "Павлодар агрокешені" ЖШС тазартылған май өндіру цехын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Кәсіпорын жылына 900 тонна өнімді өңдей алады, ал инвестиция сомасы 150 млн теңге.

Сонымен қатар, облыста "Пак" Green eco product" ЖШС картоп өңдеу өндірісін қолға алмақ. 2 жыл ішінде кәсіпкерлер жобаға 2,5 млрд теңге салуды жоспарлап отыр.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов мұндай жобаларға басымдық берілетінін атап өтті.

"Өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдың болашағы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге байланысты. Сондықтан уыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту үшін жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қарастыруға дайынбыз. Ең бастысы –  нәтижеге қол жеткізу", деп түйіндеді сөзін.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу