Павлодар облысында ауылшаруашылығы жерлерін заңсыз қазған шаруа айыппұл төледі

139

Көшпелі тексеру барысында жалпы көлемі 1991,5 гектар болатын учаскеде жер пайдалану нормаларының бұзылғаны анықталды.  

Павлодар облысында ауылшаруашылығы жерлерін заңсыз қазған шаруа айыппұл төледі Фото: eldala.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті Көктөбек ауылдық округі аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне қатысты тексеріс жүргізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Көпжылдық шөптер егілгеніне қарамастан, суару жүйесі болмаған, сонымен қатар учаскенің айналасы қазылып, жартылай үйінділер жасалған. Бұдан бөлек, топырақтың құнарлы қабатының жойылу фактілері тіркеліп, жердің бүлінгені анықталды.

Бұл ҚР Жер кодексінің 65 және 140-баптарының талаптарына қайшы келеді. Тексеру қорытындысы бойынша жер пайдаланушыға нұсқама беріліп, әкімшілік айыппұл салынды.

Жер пайдаланушы бұнымен келіспей сотқа жүгінген. Алайда Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты департаменттің шешімін күшінде қалдырды. Кейін оны ҚР Жоғарғы Соты да заңды әрі негізді деп таныды. Жер талаптарын бұзушы тарапынан топырақтың құнарлы қабаты қайтадан қалпына келтірілді.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер кодексінің 65-бабына сәйкес барлық жер пайдаланушылар жер телімін қатаң түрде нысаналы мақсат бойынша пайдалану керектігін, топырақтың ластануына, тозуына және құнарлылығының төмендеуіне жол бермеуі тиіс екендігін ескертеді. Қажетсіз кезде яғни, топырақтың қайтарымсыз жойылуы мүмкін жағдайының алдын-алудан басқа уақытта құнарлы қабатын алуға және басқа мақсатқа пайдалануға тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу