Павлодар облысында автожолдарға тікұшақ арқылы мониторинг жүргізілді

106

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әуе кемесі арқылы өңірдегі автожолдардың жай-күйін бақылап отыр.  

Павлодар облысында автожолдарға тікұшақ арқылы мониторинг жүргізілді Фото: pavon.kz

Бұл жолы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында құрылған жұмыс тобы тікұшақпен әуеден шолу жасады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Әуе арқылы жүргізілген бақылау барысында автожол учаскелері мен қар құрсауына бейім аумақтар тексеріліп, қар жамылғысының жағдайы, жолдардың өткізу қабілеті және көлік қозғалысына шектеу қою қаупі бағаланды. Мониторинг нәтижелері бойынша ахуалға алдын ала баға беріліп, алынған мәліметтер қолайсыз ауа райы жағдайында алдын алу шараларын қабылдау, жауапты қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіру және жедел әрекет ету үшін пайдаланылатын болады, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Берік Истаев.

Ведомство мәліметінше, биыл жол-техникалық инспекция қызметкерлері жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 1395 тексеру жүргізген. Нәтижесінде 4 мыңға жуық ақау анықталып, оларды жою бойынша 1395 ұсыныс берілген.

– Автожолдарды қанағаттанарлықсыз жағдайда ұстағаны және жол жұмыстарын жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 327 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар берілген ұйғарымдарды орындамағаны үшін 11 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деп атап өтті ведомство өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу