Павлодар облысында азық-түлік 5,5 пайызға қымбаттады

845

Павлодар облысында азық-түлік 5,5 пайызға қымбаттады

Павлодар облысында  2017 жылғы қаңтар-маусымдағы тұтыну бағасының индексі 104,9% құрады.  Азық-түлік тауарларының бағасы 5,5%-ға, азық-түлік емес тауарлары 2,9%-ға, ақылы қызметтер 6,2%-ға өсті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2017 жылғы қаңтар-маусымдағы облыстың азық-түлік нарығында ет (ет өнімдерін қоса) бағасының 7,3%-ға, балық және теңіз өнімдері - 2,6%-ға, нан тағамдары және жарма өнімдері - 0,2%-ға қымбаттауы байқалды. Сүт өнімдерінің бағасы 1,8%-ға, ащы сүт өнімдері - 2,3%-ға көтерілді. Май және тоң май тобында күнбағыс майы 10%-ға төмендеді. Жұмыртқа бөлшек сауда бағасы 42%-ға кеміді. 2017 жылғы қаңтар-маусымда көкөністер бағасы 43,8%-ға қымбаттады, соның ішінде пияз, қырыққабат 2 есе, картоп 94,4%-ға, сәбіз - 88,2%-ға, қызылша - 78,3%-ға. Жемістердің бағасы 8,5%-ға жоғарылады. Кондитерлік өнімдер бағасының деңгейі 5%-ға өсті, ал қант бағасы 1,1%-ға төмендеді. Алкогольсіз сусындар 3,8%-ға, темекі өнімдері 2,5%-ға, алкогольді ішімдік өнімдері 2,3%-ға қымбаттады.  

Сондай-ақ, азық-түлік емес тауарлары нарығында шыны және қыштан жасалған өнімдер бағасы 1,5%-ға, киім және аяқ киім - 2,9%-ға, фармацевтикалық өнімдер - 2,7%-ға, жуғыш және тазалағыш құралдардың 0,9%-ға өсуі байқалды. Жанар-жағармай материалдарының бағасы 4,9%-ға қымбаттады.

Ақылы қызметтер бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтері 12,9%-ға өсті, соның ішінде суық сумен жабдықтау бағалары 21,8%-ға, орталықтан жылыту - 19,9%-ға, электр энергиясы - 16,8%-ға, ыстық сумен жабдықтау 7,3%-ға, кәріз - 4%-ға. Амбулаторлық қызметтерінің баға деңгейі 7,4%-ға, сақтандыру және құқықтық қызметтері - 7%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметтері - 2,9%-ға, көлік қызметтері - 2,3%-ға, білім беру - 1,2%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу