Павлодар облысында "Бақытты отбасы" арқылы 28 отбасы пәтерлі болады

2227

Ал еліміз бойынша 1100-ден астам отбасыға 12 миллиард теңгелік несие мақұлданған. 

Павлодар облысында "Бақытты отбасы" арқылы 28 отбасы пәтерлі болады

Павлодар облысында "Бақытты отбасы" бағдарламасы аясында 280 өтінім түскен болса, оның 28-і мақұлданған. Бұл туралы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов "Zhilstroy River Party" туры кезінде мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Елбасының бастамасымен биыл аз қамтылған отбасыларға баспана ұсыну үшін "Бақытты отбасы" бағдарламасы қолға алынғаны белгілі. Оған 4-тен көп баласы бар, толық емес және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатыса алады. Шарт бойынша отбасының әр мүшесіне шаққандағы табысы 40 мың 500 теңгеден аспауға тиіс. Бағдарлама іске қосылғанына 1 ай болды",– дейді Нұрлан Ақшанов.

Спикер еліміз бойынша 1100-ден астам отбасыға 12 миллиард теңгелік несие мақұлданғанын және олар қазір пәтерлерін іздеуге кіріскенін айтады.

"Биылғы лимит 50 миллиард теңгені құрайды. Бағдарламада 2 пайыздық несие беріледі. Оны 25 жылға дейін алуға болады. Алғашқы жарна – 10 пайызды құрайды. Ешқандай комиссия төленбейді. Сондықтан бұл талапқа сай отбасыларды әкімдіктен барып, жолдама алуға шақырамыз. Біз тек жолдамамен жұмыс жасаймыз. Бағдарлама 3 жылға арналған. Сондықтан қазір бізге келіп ақша жинап, кейін несие алуына болады", – дейді Нұрлан Ақшанов.

Бұдан бөлек, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ облыс әкімдігінің ұсынысымен "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында Павлодар қаласында 5 үй салуды жоспарлауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу