Павлодар облысында балабақша есепшісі бюджеттің 14 млн теңгесін жымқырған

1280

 Павлодар облысының Ақсу қаласында балабақша есепшісі бюджеттің 14 млн теңгесін жымқырған, деп хабарлайды Atameken Business.         

Павлодар облысында балабақша есепшісі бюджеттің 14 млн теңгесін жымқырған

Бұл жағдай мектепке дейінгі мекемеге аудиторлық тексеру барысында анықталды. Балабақша есепшісі өзінің және жақын туысының карточкадағы жеке есеп шотына жыл бойы ақша аударып келген. Ол қаражат негізінен, мекемеге азық-түлік жеткізіп беру үшін жұмсалатын ақша болған. Сондай-ақ, жұмысшылардың еңбекақысынан да жымқырып отырған. 14 млн теңге тек 2020 жылғы тексеруде анықталғаны ғана. Сондықтан да мамандар, оның алдындағы жылдары да осындай әрекеттердің болуын жоққа шығармайды. Қазір іс облыстық экономикалық тергеу департаментіне жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу