Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған 19 жол учаскесінің бәрі ашылды. Оның ішінде 7 республикалық маңыздағы жол бар.
"Облыс аумағында құрылған 17 блокбекетте 419 көлік тоқтады. Онда барлығы 1 073 адам, оның ішінде 47 бала болды. Өткен тәулікте жылыту орындарында 66 адам, оның ішінде 30 бала болды. Қазіргі уақытта Шідерті мектебіндегі жылыту орнында 30 адам бар", – деді департаментте.
Сондай-ақ 24 наурызда Екібастұз қаласына қарасты Төртқұдық ауылының маңында сынған көлік анықталды. Көліктегі 3 адам Шідертідегі жылыту пунктіне жеткізілді.
Сол күні Аққулы ауданының орталығы жанында қар құрсауында қалған көлік құтқарылды.
Айта кетейік, Павлодар облысының аумағында барлығы 199 жылыту пункті бар.