Марат Зенов 1983 жылы Ертіс ауданында дүниеге келген. 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін, 2010 жылы - Инновациялық Еуразия университетін тәмамдаған. Инженер-экономист және жергілікті мемлекеттік басқару магистрі.
2006-2009 жылдары Павлодар облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінде автомобиль жолдары техникалық бөлімінің бас маманы, 2009-2012 жылдары осы ведомствоның автомобиль жолдары техникалық бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2012-2013 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің Қаржы және инвестициялық жобалар департаментінің бас сарапшысы болды. 2013 жылы Павлодар облысы бойынша ревизиялық комиссиясында жетекші және бас маман болып жұмыс істеді.
2014-2015 жылдары - Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, 2015-2016 жылдары - өңірлік тексеру комиссиясының шығыстарды бақылау бөлімінің басшысы.
2016-2019 жылдары Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды.
2019-2020 жылдары Тереңкөл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
2020 жылдың маусым-қазан айлары аралығында Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарды.
2020 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс орталығының мемлекеттік сатып алу бөлімін басқарды.