Павлодар облысында бидайдан сусын өндіретін ферма іске қосылды

1542

Бидайдың өскіндерінен  алынатын табиғи сусын адамның күш қуатын арттырады екен.  

Павлодар облысында бидайдан сусын өндіретін ферма іске қосылды

Павлодар  облысында көк шөптен тағам әзірлейтін жаңа өндіріс іске қосылды. "Жасыл ферма" деп аталған жылыжайда ас мәзіріне жарайтын кез келген өсімдікті өсіруге болады. Жүгері, күнбағыс, қызылша, сәбіз, бидайдың пісіп жетілгенін күтудің қажеті жоқ. Бір қызығы, ешқандай термоөңдеуден өтпеген өнім түрлері нарықта сұранысқа ие. Ал бидайдың жас өскіндерінен шырын алынады, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл термоөңдеуден өтпеген шикі өнім. Жасыл желек бүр жарып немесе көктеп шыға бастаған сәттен – ақ  ас мәзіріне пайдалана беруге болады. Бидайдың өскіндерінен  алынатын табиғи сусын адамның күш қуатын арттырады екен. 

"Адамның іш құрылысын тазалауға арналған өнім. Азғада жиналып қалған зиянды заттарды шығарады. Буын, ұйқы безінің жұмысын жақсартады. Жалпы адамның иммунитетін көтеру үшін де  пайдалануға болады", – дейді "Жасыл ферма" жобасының жетекшісі Татьяна Ивакина.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу