Павлодар облысында бір күнде 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

1118

Павлодар облысында бір күнде 14 адам қар құрсауынан құтқарылды

Жексенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жолда қалған жеті техника мен 14 адамды құтқарды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарының хабаралауынша, алдымен Павлодар ауданы Шақат-Шалдай бағытындағы автожолда қарға батып қалған 4 машина шығарылған. Онда барлығы 8 адам болған. Дәл осыған ұқсас жағдай Шарбақты ауданына қарасты Шарбақты-Шалдай бағытындағы трассада орын алды.

Атап айтар болсақ Арбиген ауылының маңында үш жеңіл көлік жолда қалып қойған. Қар құрсауында қалған бұл көліктерде алты адам болған. Оның біреуі жас бала. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

"Демалыс күндері алыс жолға шығып, жолда қалған жолаушыларды құтқаруға төтенше жағдайлар департаменті "Жедел құқару жасағы" мемлекеттік мекемесінің 1 көлігі мен екі маманы жұмылдырылды. Олар қарға батқан көліктерді шығарып, жолдарды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, мамандар жолаушылар межелі жерге жеткенше өз бақылауларында ұстады", – дейді мамандар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу