Павлодар облысында бір отбасының 4 мүшесі көз жұмды

922

Қайғылы оқиға орын алған күні ол үйдің екі қызы Баянауыл ауылында оқуда болған.

Павлодар облысында бір отбасының 4 мүшесі көз жұмды

Баянауыл ауданының Ұзынбұлақ ауылында бүтін бір отбасының өмірі қиылды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ысты газдан улану салдарынан Бекбатыровтар отбасынан төрт адам – ата-анасы мен 4 және 7 сыныптарда оқитын екі бала қаза тапты", –­ дейді департаменттен.

Күні бойы отбасынан ешқайсысы байланысқа шықпаған соң туыстарының бірі кешке Бекбатыровтардың үйіне барғанда, есік ішінен жабық тұрған. Ер адам есікті бұзып кірген кезде, отбасы мүшелерін өлі күйінде тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу