Павлодар облысында бір топ шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

4616

Екібастұз қаласында бір топ шенеуніктің үстінен пара алды деген күдікпен тергеу басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында бір топ шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

"Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазылған хабарламада.

Олар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігерлік ұйымдардан жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген.

Бұл іске қатысты соңғы шешімді сот шығарады. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу