Павлодар облысында биыл 33 мыңға жуық көлік тіркеуге қойылған

649

Павлодар облысында биыл 33 мыңға жуық көлік тіркеуге қойылған

Павлодар облысында 2017 жылы алты айдың ішінде мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы 41 600 қызмет көрсетілген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Ерлан Рыспаев мәлім етті.

"Биылғы жылы 32 792 көлік құралы мемлекеттік тіркеуге қойылып, 8808 адамға жүргізу куәлігі берілді. Күн сайын 250 адамға осындай қызмет түрлері ұсынылады. Былтыр барлығы 75 624 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Оның ішінде 16666 жүргізу куәлігі берілген болса, 58958 көлік құралы сәйкестендіру нөмірі бойынша тіркеуге алынған. Бүгінгі таңда өңірде ТМД елдерінде ұрланған көліктерді анықтау базасы бойынша көліктерді тексеру жүйесі жұмыс істейді. Осының нәтижесінде темір тұлпарын тіркеуге немесе жүргізу куәлігін алуға келген тұлғаларды тексеру мүмкіндігіне қол жетіп отыр", - дейді Ерлан Рыспаев.

Басқарма басшысының айтуынша, облыста әкімшілік полицияның төрт пунктінде тіркеу және емтихан тапсыру жүзеге асырылады. Облыс орталығында орналасқан ІІД әкімшілік полициясы өңір тұрғындарымен қатар, Успен, Лебяжі, Шарбақты және Павлодар аудандары мен еліміздің басқа аймақтарына да қызмет көрсетеді. Екібастұздағы учаске Екібастұз қаласы мен Баянауыл ауданы, Ақсу қаласындағы бөлімше ақсулықтар мен Май ауданы, Ертіс ауданындағы бөлімше Ертіс, Железин, Качир және Ақтоғай аудандарының тұрғындарын қамтиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу