Павлодар облысында биыл 7 адам суға батып кетті

751

Оның ішінде алты адам суға шомылу маусымы басталғанға дейін тыйым салынған жерлерде және жабдықталмаған жағажайларда шомылу кезінде батып кеткен. 

Павлодар облысында биыл 7 адам суға батып кетті

Павлодар облысының су айдындарында жыл басынан бері 7 адам қаза тапқан. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Самат Асайынов мәлімдеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"28 наурызда Баянауыл ауданының тұрғыны балық аулау кезінде резеңке қайықпен аударылып, Біржанкөл көліне батып кетті. 17 мамырда орталық жағажайда мас күйінде суға шомылған 1964 жылы туған облыс орталығының тұрғыны суда ажал құшты. Сондай-ақ Қызылжар ауылының маңында суға түскен Ертіс ауданының 1975 жылғы тұрғыны қайтыс болды. 24 мамырда 1990 жылы туған ер адам Ертіс өзеніне батып кетті",– дейді Самат Асайынов.

Бұдан басқа, суда белгісіз жағдайларда екі жазатайым оқиға орын алды. 1 маусымда Ақтоғай ауданында құтқарушылар судан 1996 жылы туған қыздың денесін алып шықты. Сол күні Преснуха көлінен 1988 жылы туған ер адамның денесі шығарылды. Бұл көл мал суару үшін пайдаланылады. Аталған екі жағдай бойынша тергеу жүргізілуде, барлық өлім фактілері бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалған.

"11 маусымда елордалық ЖОО студенті Торайғыр көлінде суға батып кетті. Жас жігіт демалыста достарымен бірге демалған. Осы сенбі күні 13 маусымда Усолка өзенінде облыстық ТЖД жедел құтқару жасағының құтқарушылары 2002 жылы туған жігітті судан алып шықты. Досының айтуынша, ол жүзе білген, жабдықталмаған жерде шомылып, жағадан 5-6 метр қашықтықта суға батып кеткен. Ол досын судан өзі табуға тырысып, 10 минуттан кейін құтқарушыларды шақырған", – деді Самат Асайынов.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу