Павлодар облысында болған бұрқасын 75 елдімекенді жарықсыз қалдырды

820

Павлодар облысында болған бұрқасын 75 елдімекенді жарықсыз қалдырды

Өткен тәулікте Павлодар облысындағы автожолдарда 17 адам құтқарылды және 169 адам эвакуацияланды, оның ішінде тоғызы - бала. 38 транспорттық құрал шығарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемелекеттік тіл және ақпарат тобының хабарлауынша, аймақта қатты желдің әсерінен 13 төбе жабындысы  ұшып кеткен.

"Бұл  білім, медициналық нысандар және тұрғын үйлер. Авариялық-құтқару жұмыстарында 141 маман қатысып, 63 техника жұмылдырылды. Автокөлік транспортының елді мекеннен тыс облыстық автомобильдік жолдарға 21 мобильдік блок-бекет қойылып, 30  техника және жол полиция қызметінен 104 адам, ТЖД-ден 12 техника және 41 адам қызмет етті. 109 жылыту пункті дайындалды", - дейді департаменттен.

Қатты желдің әсерінен 75 елдімекенде электр энергиясының өшірілуі тіркеліп, қазіргі уақытта қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб жұмыс істеп жатыр, жағдай сағат сайын қадағалануда және көмек көрсету үшін күштер мен құралдар өткізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырады. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу