Павлодар облысында браконьерден 300 келіге жуық балық тәркіленді

75

Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

Павлодар облысында браконьерден 300 келіге жуық балық тәркіленді Фото: Polisia.kz

Павлодар облысында 300 келіге жуық заңсыз балық аулаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

20 қазаннан бастап өңір аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу, биологиялық ресурстар мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында "Браконьер" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 111 фактісін анықтады. Полицейлер Май ауданында Нива көлігін тоқтатып, тексерген. Тексеріс барысында көліктен шамамен 278 келі болатын балық табылды. Ал аулаған азаматтардың рұқсат берілген тиісті құжаты жоқ боп шықты. Барлық құқық бұзушылықтар бойынша тексерулер жүргізілуде, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу