Павлодар облысында браконьерлік факті анықталды

462

Сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Павлодар облысында браконьерлік факті анықталды Фото: polisia.kz

Екібастұз қаласы Полиция басқармасының полицейлері 8 қарашада жүксалғышта еліктің бір ұшасын тасымалдаған 44 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mitsubishi автокөлігін тоқтатты, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адам аңды атқан кезде міндетті түрде жанында болуға тиіс қорықшыны ескертпестен аңға шығып, жас сібір елікті емес, ересек ұрғашысын атып алған.

– Автокөлікті тексеру барысында аңшылық мылтығы табылып, тәркіленді. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Мән-жайлар анықталуда, – деді Павлодар облысы ПД Екібастұз қаласы ПБ бастығы Қайыржан Шақарғалиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу