Павлодар облысында дала өртін сөндіруге бір тәулік кетті

510

Павлодар облысында дала өрті екі күнге созылды. Бір мезетте бір-бірінен алшақ 5 учаске отқа оранды. Қызыл жалын жүз гектардан астам жерді шарпыған, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысында дала өртін сөндіруге бір тәулік кетті Фото: Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, дала өрті туралы хабарлама 22 қазанда сағат 11:52-де түскен.

"Өрт Ертіс жайылмасындағы Жаңатілек ауылының маңында тұтанған. Шашыраңқы бес жерде құрғақ шөп пен қамыс өртеніп жатыр. Өрттің жалпы ауданы 140 гектарды құрады. Сондай-ақ шамамен 70 тонна жаңа шабылған шөп өртенді", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Өрт орнында 80 адам жұмыс істейді, оның ішінде өз еркімен көмектесіп жүрген 50 жергілікті тұрғын бар. Ведомство өрт жалыны жақын маңдағы елдімекендерге қауіп төндірмейтінін жеткізді.

Сонымен қатар өртті сөндіруге ауа-райының қолайсыздығын қиындық келтірген. 23 қазанда Павлодар облысында желдің күшеюіне байланысты екпіні секундына 23-28 метрге жететін дауылды ескерту жарияланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу