Павлодар облысында дауылдан зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік көмек берілмек

173

Бұл туралы Павлодар қалалық әкімдігі хабарлады.

Павлодар облысында дауылдан зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік көмек берілмек Фото: stopfake.kz

20 маусым мен 30 маусым аралығында дауыл салдарын жоюға қатысты өтініштер қабылданады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өтініштер келесі нөмірлер бойынша қабылданады: 109, 112, 32-36-92.

Коммуналдық қызметтер қалпына келтіру жұмыстарын күшейтілген режимде жалғастырып жатыр.

Табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтардың жекелеген санаттарына (жеке тұрғын үйлердің тұрғындары) 100 АЕК (393 200 теңге) көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Көмек алу үшін келесі құжаттар қажет:

  • ТЖБ анықтамасы (6 ай жарамды);
  • мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
  • банктік шоттың болуы туралы хабарлама;
  • жеке куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы);

Құжаттар Павлодар қаласы Кривенко көшесі, 25 мекенжайы бойынша Open Pavlodar фронт-офисінде (№ 3 үстел) қабылданады.

Айта кетейік, кеше өңірде сағат 16:10-дан 20:30-ға дейін екпіні секундына 28-ден 43 метрге дейін қатты дауыл соқты.Тұрғындарға алдын ала қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескертумен хабарламалары жіберілді. Апат салдарынан инфрақұрылым нысандарына көптеген зақым келтірілді: 297 ғимарат пен құрылыстың шатыры қирады, ағаштар жаппай құлады, электр желілерінің тіректері зақымдалды.

Дауылдан облыс орталығында 47 нысанның, оның ішінде 6 әлеуметтік мекеменің шатыры ұшты. Екібастұз қаласы жарықсыз қалды. Табиғи апат кезінде 1 адамды ағаш басып қаза тапса, 16 адам түрлі дене жарақатын алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу