Павлодар облысында деструктивті ағым өкілі мешітте ұрлық жасаған

939

Сотталған ер адам апелляциялық шағым түсірген.

Павлодар облысында деструктивті ағым өкілі мешітте ұрлық жасаған Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында мешіттерде ұрлық жасаумен айналысқан ер адамның ісі қайта қаралды, деп жазады inbusiness.kz.

Осыған дейін Тереңкөл ауданының соты бірнеше рет істі болған 27 жастағы Қарағанды облысының тумасына 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуі тиіс болатын.

Белгілі болғандай, ер адам 2023 жылдың наурызы мен мамыр айлары аралығында 4 ұрлық жасады деген күдікке ілінді. Жымқырған қаражаттың жалпы сомасы шамамен 500 мың теңгені құраған. Ер адам үкіммен келіспей, шағым түсірді. Бірақ облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Тиісті қаулы заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу