Павлодар облысында жоғалған қыз дронның көмегімен табылды

417

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетті. 

Павлодар облысында жоғалған қыз дронның көмегімен табылды Фото: canva

Бүгін түске таман 112 пультіне қыздың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Хабарлаушының айтуынша, кеше олар Павлодар облысындағы Павлодарское ауылы маңындағы Ертіс өзенінің жағасында, Қайық станциясы ауданында түнеп демалған.

Таңертең қызды таба алмай, өз беттерінше іздегенімен, нәтиже болмаған. Аумақты шолу үшін дауыс зорайтқышпен жабдықталған ұшқышсыз ұшу аппараты пайдаланылды.

Құтқарушылар дрон арқылы бірнеше рет дауыс беріп, жоғалған қызға үндеу жасады. Дауысты естіген 2003 жылы туған қыз жауап беріп, іздестіру тобына қарай қозғалған. Соның арқасында оның орналасқан жері қысқа уақыт ішінде анықталды. Табылғаннан кейін қыз полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: табиғат аясында демалу кезінде жалғыз кетпеңіз, қай жерде жүргеніңізді жақындарыңызға хабарлап отырыңыз және өзіңізбен бірге толық қуатталған ұялы телефон алып жүріңіз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу