Павлодар облысында дропперлерден 110 млн теңге тәркіленді

Олар интернет-алаяқтықтан пайда тауып келген.  

Павлодар облысында дропперлерден 110 млн теңге тәркіленді Фото: gov.kz

Өткен жылдан бері елімізде телефон арқылы айласын асыратын алаяқтарға қарсы күрес күшейді. Соның ішінде дропперлерді анықтау да мықтап қолға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Еске сала кетейік, дропперлер арқылы интернет-алаяқтық жасаған адамдар қаржыны шешіп алып, қалтасына басады. Соңғы уақытта оңай олжа табу үшін кейбір жастар өздерінің банк картасын осындай қитұрқы қадам жасайтындарға беретін болған. Сол арқылы өздері азын-аулақ тиын табады. Бірақ бұл да – заңсыз әрекет. 

ҚР Бас Прокуратурасының мәліметінше, өткен жылдан бері дропперлерден заңсыз жолмен тапқан қаржыны азаматтық негізде өндіріп алу тәжірибесі енгізіле бастады. Соның нәтижесінде Павлодар облысында 83 сот шешімі арқылы 110 млн теңге өндірілген. Сол сияқты Шығыс Қазақстан облысындағы дропперлер 100 млн теңгеден астам соманы қайтарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу