Павлодар облысында 2 адам көлікпен өзенге құлап, көз жұмды

286

Құтқарушылар олардың мүрделерін судан алып шықты.

Павлодар облысында 2 адам көлікпен өзенге құлап, көз жұмды Фото: Drive

Жазатайым оқиғаға тап болғандар балық аулауға шыққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

17 қыркүйек күні сағат 00:30-да 112 пультіне Ақсу қаласы маңында орналасқан Белая өзеніне ішінде екі адамы бар "Нива" көлігі абайсызда түсіп кеткені туралы хабарланған. 

"Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді. Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған қос ер адамның денелерін судан алып шықты", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу