Павлодар облысында екі бала менингокок жұқпасына шалдыққан

620

Павлодар облысында екі бала менингокок жұқпасына шалдыққан

Павлодар облысында биылғы жылы қаңтар және мамыр айларында екі бала менингокок жұқпасына шалдыққан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина мәлім етті.

"Бес айдың ішінде өңірде  екі  оқиға тіркелген, - дейді Ирина Сорокина. – Дегенмен, аталған екі жағдайдың  арасында ешқандай да өзара байланысы жоқ. Бір және жеті жастағы  екі бала стационарда ем қабылдап, толығымен аурудан айығып шықты. Бүлдіршіндермен байланыста болған 208 адам тексерілген. Еліміздің бірқатар өңірлерінде мамыр айында менингокок жұқпасына  қатысты күрделі жағдай туындағаны белгілі. Оның ішінде Алматы облысын атап өтуге болады.  Көптеген жағдайда  аурудың алдын алу әрбір адамға  байланысты. Өкінішке қарай, науқастар медициналық көмекке тым  кеш жүгінеді.  Денсаулығына  көңіл бөлместен сабақ оқып, жұмыс істей береді. Нәтижесінде жұқпаның таралуына жол беріп,  айналасындағы адамдардың өміріне қауіп төндіреді".

Ирина Сорокинаның айтуынша, менингокок жұқпасына қарсы егу шаралары жоспарға енгізілмеген. Қазақстанда аталған аурудың А, Б, С  типі   кездеседі.  Ауруға қарсы иммунитет 21 күннің ішінде қалыптасып, ағза бес жылға дейін төтеп бере алады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу