Павлодар облысында екі балықшы өзенге батып кетті

286

Біреуінің денесі табылды, екіншісін іздеу жалғасып жатыр.

Павлодар облысында екі балықшы өзенге батып кетті Фото: inbusiness.kz

Павлодар облысында екі балықшы Ертіс өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Жергілікті жедел құтқару отрядының мәліметінше, қайғылы оқиға 8 қараша күні Тереңкөл ауданы Қызылтаң ауылының маңында болған.

"Ертіс өзенінің негізгі арнасында екі балықшы суға батып кетті, олардың біреуінің денесін жергілікті тұрғындар алып шықты. Екіншісін іздеу жалғасып жатыр", делінген хабарламада.

Іздеу жұмыстарына сүңгуірлік-іздестіру жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 сүңгуірі, стационарлық эхолоты бар катер мен қайық тартылды. Құтқарушыларға әкімдік, орман шаруашылығының өлілдері және жергілікті тұрғындар көмектесіп жатыр.

"Бүгінгі таңда қалыңдығы адамның салмағына көтермейтін жұқа мұз қалыптасқан су учаскелері бар. Осыған байланысты құтқарушылар балықшылардан мұндай су учаскелеріне барудан бас тартуды сұрайды", делінген хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу