Павлодар облысында екі мұз өткелі арқылы ғана жүруге болады

1037

Аймақта барлығы 8 өткел бар.

Павлодар облысында екі мұз өткелі арқылы ғана жүруге болады

Бірақ облыстық төтенше жағдайлар департаменті ауа райы мен мұздың қалыңдығын ескере отырып, тек екі өткелді пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Біреуі Май ауданы Баскөл ауылының аумағында орналасқан. Тұрғындар бұл өткелдің пайдалануға берілуін көптен күтті. Себебі күзде шабылған шөпті жеткізудің жалғыз жолы осы. Тоғайдағы отынды да дәл осы өткел арқылы ғана жеткізуге мүмкіндік бар. Бірақ Май ауданы әкімінің орынбасары Медет Шоқанов өткел үстімен жүруге қатысты шектеудің барын ескертті.

"Белая өзені арқылы өтетін мұз өткелінің жұмыс режимі сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгіленген. Сонымен қатар жүк көтергіштігі 10 тоннадан, ал қозғалыс жылдамдығы сағатына 20 шақырымнан аспауы тиіс. Өткелдің жалпы ұзындығы – 50 метр. Оның жабылар уақыты ауа райына байланысты анықталады", – деді Медет Шоқанов.

Екіншісі Аққулы ауданы Ямышево ауылының маңында ашылды. Мұндағы мұздың қалыңдығы 65-70 сантиметр болғандықтан, 5 тоннадан артық жүк тасымалдауға болмайды.

Бұл ретте облыстың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті ресми түрде пайдалануға берілмеген өткелдер арқылы өту қауіпті екенін алға тартып, тұрғындарға абай болуды шақырды. Көп жағдайда азаматтар жолды қысқарту үшін Ертіс өзенінің ар жағындағы елді мекендерге мұз үстімен жетеді.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу