Павлодар облысында екі оқушы суға батып кетті

566

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Павлодар облысында екі оқушы суға батып кетті Фото: pixabay.com

Жұмыстан оралған анасы жеті және сегіз жастағы ұлдарын үйінен таппай қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Қайғылы оқиға Галицк ауылында орын алды, әйел жергілікті учаскелік полиция мен ауылдастарынан ағайынды балаларды іздеу үшін көмек сұраған. Балалардың денесі ауыл маңындағы ауыл шаруашылық жерлерін суаруға арналған жасанды су қоймасынан табылды. Қазір сотқа дейінгі медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.

Полицияның айтуынша, шұңқырдың айналасына қоршау орнатылмаған әрі аумақ жарықтанбаған, тыйым салатын белгілер жеткіліксіз болғандықтан өмірге қауіп төнген.
Қазір ҚР ҚК 277 және 254 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тергеу құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған қауіпсіздік ережелерін бұзу, сондай-ақ қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарау фактілері бойынша жүргізілуде.

Балалар үнемі осындай су қоймаларының құрбаны болып жатады. Бұған дейін Түркістан облысында балалар қараусыз қалған шұңқырға, ал Алматы облысында суармалы каналға батып кеткен еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу