Павлодар облысында экспресс-тест пен өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті

921

 Шілде айында тағы 8 аппарат жеткізіледі. 

Павлодар облысында экспресс-тест пен өкпені жасанды желдету аппараты жеткілікті

 

Қазіргі уақытта өңірде 49 өкпені жасанды желдету аппараты қолданылуда. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Сұңғат Есімханов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Бүгінде облысымызда 108 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 49-ы қолданылуда. 44 аппарат пневмонияға шалдыққан науқастарға қосылған. Шілде айында тағы 8 аппарат жеткізіледі. Жеткілікті деп отырмай тағы да бұл аппараттарды сатып алу жоспарлануда", – деді Сұңғат Есімханов.

Сұңғат Есімхановтың айтуынша, коронавирусты анықтауға арналған экспресс-тест жеткілікті. Бүгінде барлық ауруханаларда қолданылуда. Енді жедел жәрдем қызметі де науқастарға келген кезде бірден анықтап алуы үшін экспресс-тест қолданатын болады.

Еске салайық, қазіргі уақытта провизорлық орындарда жатқан науқастардың көбі пневмония және ЖРВИ-ге шалдыққандар. Өткен аптада облыстағы провизорлық орындар саны 2,4 есеге артып, 1852-ге жетті. Бүгінгі күнде олардың 94,2 пайызы бос емес. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов науқастарға арналған провизорлық төсек-орындар санын 2500-ге жеткізіп, қосымша 3000 орыннан тұратын резервті жасақтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу