Павлодар облысында ер адам 2 жыл бойы еңбек құлдығында болған

480

Жәбірленуші туыстарына қайтарылды.

Павлодар облысында ер адам 2 жыл бойы еңбек құлдығында болған Фото: elements.envato.com

Павлодар облысы полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мәжбүрлі еңбек фактісінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Ер адам 1987 жылы туған. Зорлық-зомбылықты қолдану арқылы жақын маңдағы елді мекеннен 60 шақырым жерде орналасқан аңшылық үйге жеткізілген. Оны 2 жыл бойы еңбекке мәжбүрлеген. Жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айырудың дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді спикер ІІМ апталық брифингінде.

Белгілі болғандай, жәбірленуші туыстарына қайтарылған.

"Абай облысында әйел адам ағасының із-түссіз жоғалып кеткенін айтып,  полицияға жүгінді. Ер адам 1973 жылы туған, психикалық бұзылысы бар. Екі ер адамның оны Семей қаласынан 200 км қашықтықта орналасқан шаруа қожалығында еңбекке қанау мақсатында әкеткені анықталды. Жәбірленуші 3 апта бойы үй шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр болған. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 128-бабы (Адам саудасы) бойынша СДТБТ-да тіркелді. Жәбірленуші туыстарына қайтарылды", - деп толықтырды Қанат Нұрмағамбетов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу