Павлодар облысында ер адам анасымен жанжалдасқаны үшін қамауға алынды

996

Сағат 08.30-да Чигириновка ауылында 53 жастағы ер адам бірге тұратын әйелі екеуі мас күйде 73 жастағы анасына қарсы жанжал шығарған.  

Павлодар облысында ер адам анасымен жанжалдасқаны үшін қамауға алынды Фото: polisia.kz

Азаматтық ерлі-зайыптылар балағат сөздер айтып, анасының тыныштығын бұзған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"Ұлының қорлауына төтеп бере алмаған анасы жанжалды шешу үшін полиция шақырған. Учаскелік полиция инспекторы 19 ақпанда зейнеткердің қауіпсіздігі мақсатында ұлының атына 30 тәулік мерзімге қорғау ұйғарымы шығарылғанын анықтады. Алайда ұлы сабақ алмаған. Қайтадан анасымен жанжалдасқан. Оның отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қарсы іс-қимылдар жасауына байланысты бірге тұратындар – отбасылық жанжалқорларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы 1-бөлігі және 461-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал жасалды", – деді Павлодар облысы Шарбақты ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрғали Омарбеков.

Материалдар сотта қаралды, оның шешімі бойынша бұзақылар 2 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу