Павлодар облысында жоғалып кеткен ер адам көлігімен бірге Ертіс өзенінің түбінен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Құтқарушылар үш күн бойы Р. Ю. Леонтьевті іздестірді, ол 16.06 күні түсініксіз жағдайда жоғалып кеткен болатын. 25 маусымда Ертіс өзенінде іздеу жұмыстары барысында 4 құтқарушы эхолоттың көмегімен шамамен 5 метр тереңдікте және жағадан 10-15 метр қашықтықта ер адамның автокөлігін тапты", деді облыстық ТЖД өкілдері.
Сүңгуір суға кіріп, көліктің төңкеріліп жатқанын растады.
"Арнайы техниканың көмегімен машина жағаға көтеріліп, 102 қызметіне берілді. Салонның ішінен жоғалған Р. Ю. Леонтьевтің мәйіті табылды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу